Міндетіміз және құндылықтарымыз

Біздің міндетіміз

 

img/missiya-i-tsenosti/mission.jpg

Нарыққа сапалы өнім беру жолымен, қоғам және мемлекеттің дамуына жағдай жасай отырып, серіктестерімізбен бірге даму.

Біздің құндылықтарымыз

img/missiya-i-tsenosti/people.jpg

Адамдар:
Корпоративті мәдениет пен компания құндылықтарын бағалайтын кәсіби және адал қызметкерлер біздің міндетіміз бен жетістігімізге жетер жолдағы негіз болып табылады! Біз әрбір қызметкеріміздің интеллектуалды, жеке және кәсіби дамуына әрдайым қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамыз. Біз өз қызметкерлерімізді сыйлаймыз, олардың қабілеттерін қадірлеп, қамқор боламыз!

 


img/missiya-i-tsenosti/honesty.jpg

Адалдық:
Біз әрбір қызметкерімізге, әріптеске, клиентке және жеткізушіге берген уәдемізге адалмыз. Құрмет пен адамгершілік идеяларын негізге ала отырып, біз ұжымдағы және оның сыртындағы кез келген мәліметті беруде адалмыз. Біз компанияның беделін қадірлейміз!

 



img/missiya-i-tsenosti/responsibility.jpg

Жауапкершілік:
Біз жабдықтаушыларға, клиенттерге, серіктестерге, бізді қоршаған орта мен қоғамға және қызметімізді жүзеге асырып жатқан заң алдындағы міндеттемелерге зор жауапкершілікпен қараймыз. Компания өнімдері толық сертифицияланған және ең жоғары стандартқа сәйкес келеді.

 



img/missiya-i-tsenosti/professionalism.jpg

Кәсібилік:
Кәсібилік – компанияның міндеттерін жүзеге асыруға, бизнесті табысты жүргізу мен дамытуға көмектесетін, біздің жұмысымыздың түбірі мен негізгі құндылығы. Біз үнемі ұжымдық және серіктестік дамуға, жетілдіру мен жақсаруға ұмтыламыз!

 



img/missiya-i-tsenosti/law-respect.jpg

Заңға құрмет:
Біз қызметімізді еліміздің заңдарына сәйкес жүзеге асырамыз, еркін және дұрыс бәсекелестік идеяларын қолдаймыз. Қызметкер, серіктес, клиент, жабдықтаушы мен бәсекелестерге қарсы бұрыс және заңға қайшы әрекеттер көрсетпейміз де, қолданбаймыз да.